Бішкектің "Манас" әуежайына жақын маңдағы тұрғын үйге жүк ұшағының құлауы салдарынан 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі.
Қайтыс болғандардың тоғызы ересек адам болса, алтауы - бала. Олардың барлығы ұшақ құлаған саяжай кентінің тұрғындары. Сондай-ақ ұшақ экипажының бір мүшесі көз жұмды.
Мұнан басқа зардап шеккен алты адам сол жерде көмек көрсетілді, деп хабарлады министрлік.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу