Қырғызстанда селмен ағып кеткен 39 жастағы әйелдің денесі арада екі күн өткенде Өзбекстандағы Әндіжан өзенінен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Оның денесін көрші елдің құтқарушылары 16 шілдеде тапты. Мұның алдында 146 маман жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылған еді.
Еске салайық, 14 шілдеде Қырғызстанның Ош облысында толассыз жауыннан кейін өзендер арнасынан шығып, Ош қаласы мен ауылдарда сел жүріп өткен болатын.
Қалада төтенше жағдай жарияланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу