Қырғызстанда сел салдарынан қаза тапқандар саны артуда

531

Ош облысының Ноокат ауданында сел салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қырғызстанда сел салдарынан қаза тапқандар саны артуда Фото: ҚР ТЖМ

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі 29 маусым күні кешке сел алып кеткен тағы бір әйелдің денесі табылғанын хабарлады. Марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

28 маусымда Ноокат ауданында болған табиғи апаттан зардап шеккендердің саны сегіз адамды құрап отыр. 

Олардың көпшілігі жасөспірімдер. Екеуі – 11, қалғандары – 8, 12, 16 және 19 жаста. Қаза тапқандар арасында екі әйел бар.

"Қазіргі уақытта ақпарат нақтыланып жатыр", – деп хабарлады Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу