Қырғызстанда сел тасқыны алып кеткен адам аман қалған

178

Қырғызстанның Ош қаласында толасыз жауыннан өзен тасып, күшті сел жүрді. 

Қырғызстанда сел тасқыны алып кеткен адам аман қалған Фото: eadaily

Ош қаласының Орталық базарынан сел тасқыны алып кеткен ер адам аман қалып, бүгін оны құтқарушылар тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бір күн бұрын интернеттің қырғыз сегментінде Ош қаласының Орталық базары арқылы сел тасқыны өтіп, ер адамды алып кеткені туралы бейнежазба тарады.

Видеода саудагерлер бір-біріне көмектесіп, бір жергілікті тұрғынды қалай құтқарғанын көруге болады. Алайда екінші адамды судан шығару мүмкін болмады.

Ош қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі оның тірі табылғанын хабарлады. Барлығы 9 адам құтқарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу