Қырғызстанның Жалал-Абад облысының ауылдарында жаңбырдан кейін лай көшкіні жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Елдің ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір күн бұрын сағат 17.30-да Ноокен ауданына қарасты Ескі-Қошқор-Ата, Бостон ауылдарында қатты жаңбырдан кейін лай көшкіні түскен.
Құтқарушылар, полицейлер, жедел жәрдем бригадалары, азаматтық қорғау қызметкерлері оның салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Табиғи апаттан 10 жасар бала көз жұмды. Жергілікті тұрғындар оның денесін кеше сағат 19.10-да тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу