Қырғызстанда сел жүріп, 200-ден астам тұрғын үй су астында қалды

269

Үш өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді. 

Қырғызстанда сел жүріп, 200-ден астам тұрғын үй су астында қалды Фото: ura.ru

Бұл туралы Бішкекте өткен брифингте елдің Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының орынбасары Урматбек Шамырқанов мәлімдеді, деп хабарлайды сайты Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Ош, Жалал-Абад және Талас облыстарында төтенше жағдай енгізілгенін хабарлады.

Айтуынша, 20 сәуірден бері республикада толассыз жауған жаңбыр салдарынан 50-ге жуық сел болған. 200-ден астам тұрғын үй мен 300 аула, бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысан су астында қалды. Лай ағындары жолдар мен көпірлерді басып қалды.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Жалал-Абад облысының Ноокен ауданында селге қарсы бөгетті су жарып өтіп, 300 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлаған болатын. Ош облысының Қара-Құлжа ауданында сел көлікті алып кетіп, ішіндегі адам қаза тапты.

Сейсенбі күні Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов селден зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу