Ведомство атап өткендей, қолайлы климаттық жағдайларға байланысты бұл жәндіктер бұрын-соңды болмаған жерлерде де шыға бастаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі жағдайда шегірткелер алып жатқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен жайылымдардың көлемін ұлғаю қаупі бар. Мамандардың айтуынша, шегіртке 90 мың гектарға таралуы мүмкін", - делінген ақпаратта.
Ауыл шаруашылығы министрлігі қазірдің өзінде шегірткемен қамтылған 45 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы алқаптарын улағандарын айтты.
Зиянкестермен күресуге арналған ақша, пестицидтер мен арнайы техника бар.
"Іс-шаралар уақтылы әрі жедел орындалып жатыр", - деп сендірді ведомстводан.