Қырғызстанда шенеуніктерге ақ қалпақ кию міндеттелмек

1172

Қырғызстанда шенеуніктерге ақ қалпақ кию міндеттелмек

Қырғыз депутаттары президент пен премьер-министрдің, сондай-ақ парламент спикерлерінің ресми қабылдаулар кезінде ұлттық бас киім киюін міндеттейтін заң жобасын дайындады, деп хабарлайды azattyq.org.
Заң жобасы бойынша ел спортшылары да халықаралық жарыстарда ақ қалпақ киюі керек болады.
Әзірленген құжат авторларының пікірінше, бұл "қырғыз халқының рухани дамуы мен сан ғасырлық дәстүрін сақтауы" үшін қажет.
Аталған заң жобасы ақ қалпақты мемлекеттік ту мен елтаңба және әнұранмен тең дәрежеде құрметтеуге міндеттейді.
2016 жылы Қырғыз парламенті Ұлттық бас киім күнін ресми мереке деп белгілеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу