Қырғызстанда тағы 511 адам коронавирус жұқтырды

608

Бір тәулікте 6 тұрғын аурудан қаза тапқан.

Қырғызстанда тағы 511 адам коронавирус жұқтырды

Қырғызстанда соңғы тәулікте 511 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырып, 6 науқастың дерттен көз жұмғаны белгілі болды. 80 адам аурудан айығып ауруханадан шығарылған. Бұл туралы індетпен күрес штабы мәлім етті. 

Ресми дерек бойынша, 511 адамның 80-і – медицина қызметкерлері. Қатарында денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболат Үсенбаев бар. Жалпы, пандемия басталғалы медицина саласының 1450 қызметкері ауруға шалдыққан. 
Осылайша Қырғызстандағы вирус жұқтырғандардың жалпы саны 9358-ге дейін жетіп, оның 122-сі қайтыс болды. 3134 ем-дом қабылдап жазылған. 

Штабтың мәліметіне сүйенсек, соңғы тәулікте 40 адам ауруханадан тыс пневмониядан ажал құшқан. Осы күнге дейін дерттің бұл түрінен 350 тұрғын көз жұмған. Жұма күні елдің денсаулық сақтау министрі Сабыржан Әбдікәрімовтың да осы ауруға шалдыққаны белгілі болды.

Табиғат Нұрболат
Фото: dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу