Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабының мәліметінше, тағы 2 баланың мәйіті табылды.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жедел түрде құжаттар рәсімделіп, қажетті рәсімдер жүргізіліп жатыр. Қаза тапқандардың туыстарына қазақстандық дипломаттар барынша көмектесуде.
"Жақын арада қаза тапқан 4 баланың барлығының денесі Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің бортында Отанына жеткізіледі", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу