Қырғызстанның Чүй облысына қарасты Ысык-Ата ауданында Такыр-Тор тау көлінің бөгеті жарылып, 180 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, эвакуацияланғандардың қатарында қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің тұрғындары да бар. Құтқару жұмыстары министр Бообек Ажикеевтің тапсырмасымен және жеке бақылауымен Алмалуу, Горная Серафимовка және Нижняя Серафимовка ауылдарында жүргізілуде.
Оқиға орнында мониторинг және болжамдау департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Дрон көмегімен көл жағдайы бақыланып, су ағымына тұрақты мониторинг жасалуда. Арнайы техника тартылып, алдын алу шаралары қолға алынған.
Еске сала кетейік, биыл наурызда Қырғызстанның бірнеше өңірінде күн жылып, жауын-шашынның көбейуінен қар күрт еріп, лай көшкіні жүрген болатын. Сонымен қатар, елде шегірткемен күрес үшін жаңа препараттар қолданыла бастады.