Қырғызстанда топырақ көшкіні болды

605

18 үйдің тұрғындары эвакуацияланды.

Қырғызстанда топырақ көшкіні болды Фото: Катар

Қырғызстанда Ош облысының Өзген ауданында көлемі шамамен 1 млн текше метр болатын топырақ көшкіні жүрді. Бұл туралы Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, көшкіннен 300 метр қашықтықта орналасқан 18 тұрғын үйдің тұрғындары эвакуацияланды.

"Өзген ауданының қоғамдық қауіпсіздік қызметі дабыл режимін жариялады. Өңірде алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Көшкін 2017 жылдың көктемінде күшейген.  Қырғызстан ТЖМ мониторинг және болжау департаментінің мамандары 2022 жылғы 5 қыркүйекте қауіпті деп танылған 18 тұрғын үйдің тұрғындарын көшіру қажеттілігі жөнінде қорытынды шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу