Қырғызстанда "Түркі мемлекеттерінің тарихы" конгресі өтеді

429

Іс-шараның басты мақсаты — түркі мемлекеттерінің тарихы бойынша зерттеулерді жандандыру және тереңдету, осы саладағы ғылыми ынтымақтастықты ынталандыру.

Қырғызстанда "Түркі мемлекеттерінің тарихы" конгресі өтеді Фото: Азия-Плюс

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Шолпан-Ата қаласында 14-16 қыркүйекте "Түркі мемлекеттерінің тарихы" конгресі өтеді, деп жазады Inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркі мемлекеттері ұйымының Түркі академиясының ақпараты бойынша, конгресс Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған.

Конгреске қала мекемелерінің ресми тұлғалары мен өкілдері, мүше мемлекеттердің өкілдері мен дипломаттар қатысады.

Іс-шараның басты мақсаты — түркі мемлекеттерінің тарихы бойынша зерттеулерді жандандыру және тереңдету, осы саладағы ғылыми ынтымақтастықты ынталандыру. Конгресс Түркия республикасының 100 жылдығына арналған.

Конгресс сессияларына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Болгария, Украина мен басқа елдерден 50-ден астам түркітанушы қатысады.

Сессияларда хронологиялық тәртіпте ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихи оқиғалар талқыланады, тайпалық одақтардан көшпелі империяларға дейінгі түркі мемлекеттерінің саяси және әскери тарихы сөз болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу