Украинада соғысқа қатысқан азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды

200

Айыпталушы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы керек еді, алайда жарияланған рақымшылыққа байланысты мерзім қысқартылды.  

Украинада соғысқа қатысқан азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды Фото: ашық дереккөз

Араван ауданының соты (Ош облысы, Қырғызстан) Ресей жағында Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін азаматтың мүлкін тәркілеумен жалпы режимдегі колонияда бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл туралы Inbusiness.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сотталған шет мемлекеттің аумағында қарулы қақтығыстарға немесе әскери әрекеттерге қатысқаны үшін кінәлі деп танылды.

Баптың санкцияларына сәйкес, айыпталушы  10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы керек еді, алайда жарияланған рақымшылыққа байланысты мерзім қысқартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу