Жоба Экономика және сауда министрлігінің мәліметіне сәйкес жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық инвестициялық қор мен Қытайдың Shenzhen Wuyou Technology Co. компаниясы арасында 3 негіздемелік келісімге қол қойылды. Құжаттар жобаның техникалық параметрлерін нақтылап, кейін толық инвестициялық келісімшарттарға жол ашуды көздейді.
Бастама жасыл экономикаға көшу, электр көлігін дамыту, көлік саласын цифрландыру және шетелдік инвестиция тартуға бағытталған.
Сонымен қатар, елде жолаушылар такси қызметін реттеу күшейтілуде. Бұған дейін енгізілген лицензиялау талаптары аясында лицензиясыз такси жүргізгені үшін қатаң айыппұлдар 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.