Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық қадағалау департаментінің өкілі Динара Оторбаева мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, биылғы жылдың өткен кезеңінде жедел вирустық В гепатитінің 54 жағдайы орын алды, бұл 100 жағдай анықталған 2023 жылмен салыстырғанда 1,7 есе аз көрсеткіш.
"Гепатит маникюр, педикюр, татуировка процедурасы кезінде, сондай-ақ тіс дәрігерінде жұқтырылуы мүмкін. Көбісі қай жерде жұқтырғанын білмейді", - деп атап өтті маман.
Ол республикада В немесе С гепатиті вирустарының тасымалдаушыларын анықтау мақсатында жедел тестілеу жүргізіліп жатқанын айтты.
Өз кезегінде, Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Бубужан Арықбаева Қырғызстанда Дүниежүзілік аурумен күрес күніне орайластырылған гепатитке қарсы күрес бойынша 10 күндік науқан жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Қазір Қырғызстанда ауқымды серологиялық зерттеу және аурудың алғашқы әрі негізгі тәуекелдерін анықтау жүргізілуде. Ол үшін 6 мыңнан астам үй шаруашылығы таңдалды. 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен 18 жастан асқан ересектер де таңдалды. Мен азаматтарды зерттеуге белсенді қатысуға және осы аурумен күресуге үлес қосуға шақырамын", – деді ол.