Қырғызстанда виза беру тәртібі өзгерді

Қызмет 22 қаңтардан бастап "Электрондық виза" порталында қолжетімді болмақ.  

Қырғызстанда виза беру тәртібі өзгерді Фото: International Wealth

Елде жедел тариф бойынша 24 сағат ішінде электронды визалар беру рәсімі енгізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қырғызстан еліне іскерлік, туристік немесе басқа да жеке мақсаттармен баруды жоспарлап отырған шетел азаматтарына 22 қаңтардан бастап бір реттік немесе көп мәртелікпен 90 күнге дейінгі мерзімге "Сапар визасы" ("J" түрі) енгізіледі. Осы орайда, бұған дейін қолданыста болған "іскерлік", "туристік", "тау туризмі" секілді визалық санаттар жойылады.

Жаңалықтар 2025 жылдың 22 қаңтарынан бастап "Электрондық виза" порталында қолжетімді болады. 2024 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Қырғызстанда шетелдіктерді визасыз тіркеудің жаңа тәртібі күшіне енгені хабарлаған-ды. Бұл – енді елдегі шетелдік студенттерге деген университеттің жеке жауапкершілігі арта түсті деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу