Қырғызстанда жаңа күн электр станциясының іргетасы қаланды

598

Ыстықкөл облысында күн электр станциясының бірінші кірпішін қалау рәсіміне премьер Ақылбек Жапаров қатысты.

Қырғызстанда жаңа күн электр станциясының іргетасы қаланды Фото: cdnuploads.aa.com.tr/

Қырғызстанның Премьер-министрі Ақылбек Жапаров Ыстықкөл облысында күн электр станциясының іргетасын қалауға қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz РҚМинистрлер Кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қуаты 300 МВт күн электр станциясының құрылысы Ыстықкөл ауданы Тору-айғыр ауылында басталды.

Министрлік басшысы Қырғыз Республикасының жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануда бар әлеуеттің толыққанды пайдаланбай келетінін атап өтті.

"Қолда бар мүмкіндіктерімізге қарамастан, біз күн және геотермалдық энергияны, жел энергиясын және биогаз технологияларын толық пайдаланбаймыз. Жаңартылатын энергияның жаңа технологиялары - сенімді, тұрақты әрі заманауи энергия көзі. Бұл тұтынушылар үшін арзан, ең бастысы оның қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері аз. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту - еліміздің энергетикасының болашағы", - деп атап өтті Жапаров.

Ол сондай-ақ күн электр станциясының құрылысы мемлекет пен жеке меншік бірлескен алғашқы "жасыл" жобасы болатынын айтты.

"Мемлекет жобаны іске асыруда барлық қажетті көмек көрсетті: жер учаскесі бөлінді, нормативтік құқықтық актілер дайындалды және қол қойылды, қаржыландыру көздері анықталды. Барлығы электр станциясын салуға дайын", - деп түйіндеді ол.

Қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу туралы келісімге Қырғыз-Ресей сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы барысында қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу