Қырғызстанда жанар-жағармай арзандауы мүмкін

873

Қырғызстанда жанар-жағармай арзандауы мүмкін

Қырғызстанда жанар-жағармай құны 2-2,5 сомға арзандауы мүмкін, деп хабарлады Қырғызстан үкіметі аппаратының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімі.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, ақпан айында жанар-жағармай жаңа мұнай өнімдері келгеннен кейін арзандайды.

"Есеп бойынша, мұнай өнімдерін Ресейден Қырғызстанға тасымалдау шығындары тоннасына 48 доллардан 45 долларға дейін (мұнай өңдеу зауыты мен шекараның қашықтығына байланысты) азайды", - деп мәлімдеді үкімет аппаратының экономика және инвестициялар бөлімінің меңгерушісі Николай Чуйков.

Ол соңғы 3 айда ресейлік жанар-жағармай нарығында мұнай өңдеу зауыттарына деген көтерме-босату бағасы тоқтаусыз өскенін атап өтті.

Оның сөзінше, 2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдың қаңтар айына дейін жанар-жағармай бағасы 10%-дан 18%-ға дейін өскен. Сонымен қатар отандық нарықтағы бөлшек бағасы орташа алғанда 1%-ға дейін көтерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу