Қырғызстанда жұмылдырудан жасырынған ресейліктер босқындар болып саналмайды

585

Қырғызстанда жұмылдырудан жасырынған ресейліктерге босқын мәртебесі берілмейді. 

Қырғызстанда жұмылдырудан жасырынған ресейліктер босқындар болып саналмайды Фото: img5.eadaily.com

Мұндай шешім Парламенттің көлік, коммуникация, сәулет және құрылыс комитетінің отырысында қабылданды, деп хабарлайды Inbusiness.kz 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік хабарлағандай, депутаттар екінші оқылымда Үкімет ұсынған "Азаматтық хал актілері туралы" заңға өзгерістер енгізуді талқылады.

Құжаттың бастапқы нұсқасында Ресейде ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін Қырғызстанға келген ресейліктерге босқын мәртебесін беру қарастырылған. Алайда бірқатар депутаттар бұл бастамаға қарсы шығып, құжатты нақтылауды сұрады.

"Егер құжаттың пысықталған түрін қарастырар болсақ, жұмылдырудан кейін келген ресейліктер босқын мәртебесін ала ма?"- сұрақ халық қалаулыларының бірі.

Үкімет өкілі теріс жауап берді.

"Екі жыл ішінде ешкімге босқын мәртебесі берілмеді. 20 жыл ішінде 159 адам осы мәртебеге ие болды. Заң жобасымен біз өз құжаттарымызды сәйкестендіргіміз келеді. Бұл заң ешкімге босқын немесе азаматтық мәртебесін беру тақырыбын қозғамайды", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу