Қырғызстанда жұмыс күші жетіспейді. Бұл туралы Әлеуметтік желідегі парақшасында Республика Президенті Садыр Жапаров жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мемлекет басшысы жұмыссыз азаматтарды еңбек министрлігіне жүгінуге шақырды. Оның айтуынша, соңғы екі жылда белсенді жұмыс істеп келген тігін, құрылыс және басқа да кәсіпорындар жұмысы тоқтап қалған.
"Қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жетіспеушілігі туралы өтініштер түсіп жатыр, компания басшылары шетелден келетін қызметкерлер үшін квоталарды ұлғайтуды сұрайды. Сондықтан осындай хабарлама жасауға тура келді. Жұмыс таба алмағандар Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігіне жүгінуі керек", - деп жазды Жапаров.
Ол жалақы 20-30 мың сом (шамамен рубльмен бірдей) екенін атап өтті. Біліктілігі мен жұмыс көлеміне қарай жалақы да жоғарлауы мүмкін.