Қырғызстанда жұмысшылар ереуілге шықты

747

Қырғызстанда жұмысшылар ереуілге шықты

Қырғызстанда Талас-Тараз-Суусамыр бағытындағы жолдарды жөндеп жатқан жұмысшылар ереуілге шықты. Себебі жалақы алмағандарына төрт ай болыпты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жолды қайта жөндеумен айналысатын "Кыргыз жол курулуш" компаниясының директоры Болотбек Сейдакматовтың сөздеріне қарағанда, ереуіл бір аптадан бері жалғасып жатыр. Ол елуге жуық адам жұмысқа шықпай жатыр дейді.

Жұмысшылар еңбекақысын төлеуге тиіс "Чакыр йапы Санайи ве Тижарет" мердігер компаниясы әзірге байланысқа шықпай жатыр. Басшылығы түсініктеме беруден де бас тартып отыр.

Талас-Тараз-Суусамыр бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары былтыр тамыз айында аяқталуға тиіс болған. Бірақ түрлі себептермен биылғы жылдың маусым айына дейін ұзартылған.

Былтыр қыркүйек айында да дәл осындай жағдай қайталанған. Тас жолдың 87 шақырымын жөндеген жұмысшылар айлық берілмей жатыр деп дабыл қаққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу