Қырғызстандағы қақтығыстар кезінде жарақат алғандардың саны 1 мыңнан асты. Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.
"Осы күнге дейін 1002 адам медициналық көмекке жүгінді",– деп жазылған мәлімдемеде. Оның 204 ауруханаға жатқызылса, қалғаны амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Ресми дерек бойынша, 4 қазанда өткен парламент сайлауынының қорытындысына наразы топ пен құқық қорғаушылар арасындағы қақтығыста 1 адам көз жұмған.
Үкімет осы аптадағы алғашқы отырысын өткізді. Жиында коронавирус індетінің таралуы, күзгі және қысқы кезеңге дайындық жұмыстары, республикалық бюджетке қатысты мәселелер қарастырылды.
Еске сала кетсек, 5 қазанда осы алаңда парламентке өтпей қалған партиялардың 2 мыңға жуық жақтасы бас көтерген еді. Олар парламенттік сайлаудың қорытындысын мойындамай, қайтадан өткізуді талап етті. Кешке қарай құқық қорғаушылар оларды таратпақшы болған еді, бірақ оның арты қақтығысқа ұласып кетті.
Ереуілшілердің талабы орындалды. Орталық сайлау комиссиясы саяси дода қорытындысының күшін жойып, парламенттік сайлау қайтадан ұйымдастырылатын болды. Оның қашан өтетіні алдағы екі аптаның ішінде жарияланбақ.
Табиғат Нұрболат