Қырғызстандағы ереуілде жарақат алғандар саны 686-ға жетті

593

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің саясатқа қатысы жоқ, жұмысын әдеттегі режимде жалғастырып жатыр. 

Қырғызстандағы ереуілде жарақат алғандар саны 686-ға жетті

Қырғызстанда қарулы күштер мен ереуілшілер арасындағы қақтығыс кезінде жарақат алғандардың саны 686-ға жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бұған дейін 1 адамның қаза тапқаны жарияланған еді. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, оның 521-іне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емдеуге жіберілген. Түрлі деңгейде жарақат алған 164 адам ауруханаға жатқызылды, оның 7-еуі қазір жан сақтау бөлімінде. 19 жасар жігіт жантәсілім етті. 

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің саясатқа қатысы жоқ,  жұмысын әдеттегі режимде жалғастырып жатыр. Министр Сабыржан Әбдікаримов ведомство ғимаратынан уақытша кеткен, бірақ азаматтарға медициналық көмек көрсету, коронавирус инфекциясын емдеу мен оның таралуына қатысты жағдайды бақылап отыр. 

Ескере кететін жайт, Қырғызстанда пандемия басталғалы пневмония мен Covid-19 вирусын жұқтырудың 47 799 жағдайы тіркелді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу