Қырғызстандағы ереуілшілер уақытша премьерді өздері тағайындамақ

540

Олар Бішкектің жаңа мэрін жариялады.  

Қырғызстандағы ереуілшілер уақытша премьерді өздері тағайындамақ

Қырғызстандағы ереуілшілер республиканың уақытша премьер-министрін тағайындамақ. Бұл туралы "Мекенчил" деп аталатын оппозициялық партияның жетекшісі мәлім етті.

Бұған дейін бас көтергендер Бішкек қаласының мэрі етіп "Республика" партиясының мүшесі әрі парламент депутаттығына үміткер Жоошбек Коеналивті бекіткен еді. 
5 қазанда Бішкек орталығында парламентке өтпей қалған партиялардың жақтастары ереуілге шыққан болатын. Олар парламенттік сайлаудың қорытындысын жоюды және сайлауды қайтадан өткізуді талап етіп отыр. Сол күні кешке құқық қорғаушылар оларды таратпақ болды, алайда оның арты наразы топтармен арадағы қақтығысқа ұласып кетті. 

Ереуілшілер парламент пен президент әкімшілігі орналасқан Ақ үйді, Ұлттық қауіпсіздіктің Мемлекеттік комитеті ғимаратын, Бішкек мэриясының ғимаратын, үкімет ғимаратын басып алды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу