Қырғызстандағы қайғылы оқиға: 12 полиция қызметкері жазаланды

382

Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы мен оның орынбасары, сондай-ақ оқиға болған ауданға қызмет көрсететін Октябрь кенттік полиция бөлімінің бастығы қызметінен босатылды.

Қырғызстандағы қайғылы оқиға:  12 полиция қызметкері жазаланды Фото: видеодан алынған кадр

Қырғыз елінде болған оқушыларға жүк көлігінің соғылу оқиғасына қатысты ведомствоаралық комиссияның тексеру нәтижелері жарияланды. Оның қорытындысы бойынша ҚР ІІМ-нің 12 қызметкері жазаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Жалал-Абад облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені және тиісті профилактикалық жұмыстарды жүргізбегені үшін 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы мен оның орынбасары, сондай-ақ оқиға болған ауданға қызмет көрсететін Октябрь кенттік полиция бөлімінің бастығы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Жалал-Абад облыстық ішкі істер департаментінің басшылары мен Созақ аудандық ішкі істер департаментінің жол қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қолданылды. 

Бұған дейін Жалал-Абад облысы Созақ ауданы Жерге-Тал ауылында болған оқиға бойынша Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасына сәйкес комиссия құрылып, оның құрамына тиісті бейінді министрліктердің, Президент Әкімшілігінің өкілдері кіргені хабарланған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, 2 мамыр күні Созақта "Манас" эпосының 1 000 жылдығына арналған аудандық деңгейдегі мектеп флешмобын өткізу кезінде жүргізушінің бақылауынсыз тау төбесінде тұрған шағын балмұздақ жүк көлігі орнынан қозғалып, бір топ баланы қағып кеткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу