Қырғызстандағы парламенттік сайлау наурызға дейін өтеді

697

Бұған дейін жазда ұйымдастырылады деп жарияланған еді.

Қырғызстандағы парламенттік сайлау наурызға дейін өтеді

Қырғызстандағы парламенттік сайлау 2021 жылдың наурызына дейін өтуге тиіс. Бұл туралы президенттің міндетін уақытша атқарып жүрген ел премьері Садыр Жапаров мәлім етті.

Оның ойынша, халық қалаулылары саяси дода мерзімін өзгерту туралы шешімді халықтың мүддесін ойлай отырып қабылдаған. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғызстанның заң шығарушы органының депутаттары 20 желтоқсанға белгіленген парламенттік сайлауды 2021 жылдың 1 маусымына дейін өткізіледі деп жариялаған еді. Депутаттар мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндірді. Олар конституциялық реформаны өткізу қажеттілігі, бюджетте бұған арналған тиісті қаражаттың жоқтығы мен коронавирус індетінің таралуы сияқты факторлар сайлауды жазға дейін шегеруге мәжбүрлеп отыр дегенді алға тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: rtvi.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу