Қырғызстандағы тасқында бір отбасының төрт мүшесі із-түзсіз жоғалып кетті

447

Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Қырғызстандағы тасқында бір отбасының төрт мүшесі із-түзсіз жоғалып кетті Фото: Қырғыз ТЖМ

Бүгін Ош қаласында Ақ-Буура өзені жағадан шықты. Салдарынан орталық базарды, Озгур және Толойкон ауылдарын су басты. "Борубай Ата" демалыс аймағынан азаматтар эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Толойкон ауылындағы "Мол-Бұлақ" демалыс орнында 4 адамды сел суы ағызып кеткені туралы ақпарат түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша олардың барлығы бір отбасының мүшелері: Д. Н. 1980 жылы туған (әйел адам), қыздары М. 2005 ж.т., М. 2014 ж.т., С. 2018 ж.т.

Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар 500-ге жуық адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу