Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 13.1, магнитудасы MPV 5.9 құрады.
Есептік қарқындылығы Жамбыл және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының бірнеше елді мекенінде 2 балл деңгейінде сезілген:
Жамбыл облысы: Меркі, Құлан, Сарыкемер, Бауыржан Момышұлы, Аса, Қордай, Қаратау, Төле би ауылдары мен Тараз, Шу қалалары;
Түркістан облысы: Тұрар Рысқұлов (Түлкібас ауданы), Ленгір, Манкент, Сайрам, Ақсукент, Қазығұрт, Сарыағаш, Абай (Келес ауданы), Темірлан (Ордабасы ауданы);
Шымкент қаласы — 2 балл, 279 км қашықтықта.
Қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.