Бейнежазба Threads желісінде жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тікелей эфир барысында ер адам хабарласып, студенттердің айтқандарына қатысты пікір білдірді.
Жүргізуші қыздардың Бішкектен келгенін, Астанада алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жүргенін айтады.
"Ертең олар қазақ достарынан, өз ата-аналарынан ұялмай ма? Бұл видео Интернетте тарап кетеді. Мәселен, біз қырғыздарды сыйлаймыз, олар туралы жаман айтпаймыз. Ал бұлар қазақтардың ханын қорлап отыр. Ертең бұл туралы ата-аналары, туыстары білуі мүмкін, Қазақстандағы университет оларды оқудан шығарып жіберуі мүмкін. Біз бұл видеоны жазып алдық, оны Қырғыз елшілігіне жібереміз", – деді ер адам.
Кейін Аруке мен Эдина атты студент қыздар Интернетте тараған сөздері үшін кешірім сұрады. Олар мұндай әрекет енді қайталанбайтынын айтты.
"Құрметті, бауырлас қазақ халқы! Осы бейнеүндеу арқылы сіздерден шын жүректен кешірім сұраймыз. Блогер тарапынан агитациялық сөздер мен арандатушылық сұрақтар болғанын айтқымыз келеді. Бірақ бұл біздің ісімізді ақтамайды. Біз өз жауапкершілігімізді түсінеміз", – делінген видеода.
Редакция тілшісі осы оқиғаның мән-жайын білу үшін Астана қаласы Полиция департаментіне сұрау жіберді.