Қырғызстанға арнайы сапармен делегация барады – Тоқаев

856

Мемлекет басшысы сауда кедергілерін азайту, екі елдің кеден және салық органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, олардың жұмысына цифрлық технология енгізу жөнінде келісім жасалғанын жеткізді.

Қырғызстанға арнайы сапармен делегация барады – Тоқаев Фото: akorda.kz

Қазақстан соңғы 15 жылда Қырғызстанға 1 миллиард доллардан астам қаржы салды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз басшысы Садыр Жапаровтың бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтемемен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қырғызстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі және көш бастаушы инвесторларының қатарына кіретінін атап өтті.

– Біз соңғы 15 жылда бұл елге 1 миллиард доллардан астам қаржы құйдық. Қазақ инвесторлары қырғыз экономикасының маңызды салаларын өркендетуге, әлеуметтік ахуалын жақсартуға қомақты үлес қосып келеді. Атап айтқанда жаңа жұмыс орындарын ашып, өндіріс секторы мен қаржы нарығын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Осы орайда біз өзара инвестицияларды қолдауға және қорғауға келістік, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің экспорттық әлеуетін нығайтып, шағын және орта бизнес арасындағы байланыстарды кеңейту үшін жақын арада Қазақстан делегациясы Қырғызстанға арнайы сапармен баратынын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу