Қырғызстанға бидайдың ірі көлемі жеткізіледі

490

2024 жылдың алғашқы жеті айында көрші елге макарон өнімдері, бидай ұны, күнбағыс майы және басқа да тауарлар экспорты ұлғайды.

Қырғызстанға бидайдың ірі көлемі жеткізіледі Фото: canva.com

Қырғызстан мен Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара тауар айналымын ұлғайтқысы келеді. Бұл туралы Бішкекке жұмыс сапарымен барған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Бақыт Торобаев келісімге келді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі деректеріне сәйкес, 2023 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы $299,4 млн құрады, оның ішінде $220,1 млн — экспорт, ал $79,3 млн — импорт.

2024 жылдың алғашқы жеті айында Қырғызстанға макарон өнімдері, бидай ұны, күнбағыс майы және басқа да тауарлар экспортының өсуі байқалады. Көрші ел сондай-ақ минералды, газдалған су, сүт пен нан-тоқаш өнімдерінің импортын арттырды.

Сондай-ақ, соңғы бірнеше жылда Қырғызстан көрші мемлекеттерден дәнді дақылдарды көптеп сатып ала бастағаны атап өтілді. Кездесуде қазақстандық бидайды Қырғызстанға жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қырғызстан минералды тыңайтқыштарды импорттауға, ірі және ұсақ малға экспорттық квоталарды ұлғайтуға, Қазақстанға — ерте көкөністерді импорттауға қызығушылық білдірді. Тараптар өсімдіктердің жаңа сорттары мен будандарымен алмасу саласындағы екі елдің ғылыми-зерттеу институттары, аграрлық жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруға ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу