Қырғызстанға гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жеткізілді

993

Берілетін гуманитарлық көмектің жалпы көлемі – 10 мың тонна ұн.

Қырғызстанға гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жеткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қырғызстанға 4 500 тоннаға жуық бидай ұны тиелген гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жеткізілді. Оны тапсыру рәсіміне Қазақстан Елшісі Рәпіл Жошыбаев және Қырғызстанның Ауыл, су және орман шаруашылығы министрінің орынбасары Азамат Мукашев қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүк теміржол арқылы 75 вагонмен жеткізілген.

Айта кету керек, COVID-19 пандемиясы басталғалы бері Қазақстан қырғыз тарапының өтініші негізінде Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Атап айтқанда, 2020 жылдың мамыр айында көрші елге 5 мың тонна қазақстандық ұн тегін берілді. Ал сол жылғы қарашада Қазақстан үкіметі Қырғызстанға елімізде шығарылған 400 портативті өкпе желдету аппараты мен 2 млн медициналық бетперде жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу