Қырғызстанға отандық бензинді тасымалдауды бастаймыз – Қанат Бозымбаев

893

Министрдің айтуынша, мұнай өңдеу зауыттарын модернизациядан өткізгеннен кейін дайын өнімнің көлемі артқан. 

Қырғызстанға отандық бензинді тасымалдауды бастаймыз – Қанат Бозымбаев

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев отандық бензинді экспорттау мәселесі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Биыл біз өзіміздің мұнай өнімдерін көршілерге тасымалдауды бастаймыз. Бүгін Алматыда қырғыз әріптестерімізбен арадағы келіссөздер аяқталып жатыр. Келесі аптада сенатта Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімді ратификациялау мәселесі қаралады. Бұған дейінгі құжатта өз елімізден мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынған болатын. Ал жаңа келісім ол шектеуді алып тастап, экпортымызға жол ашатын болады. Сондықтан, шамамен наурыз айында, осы тоқсанның аяқ жағына қарай біз экспортты бастайтын шығармыз", – деді Қанат Бозымбаев қоғамдық кеңестің отырысында.

Министрдің айтуынша, мұнай өңдеу зауыттарын модернизациядан өткізгеннен кейін дайын өнімнің көлемі артқан. Ал, ең бастысы, жанар-жағармайдың сапасы К-4 және К-5 дәрежесіне дейін көтерілді.

"Негізі, биылғы жылдың бірінші тоқсанында бізде бензин артығымен өндіріледі. Мазут та, әуекеросині де солай. Сондықтан біз мұнай өнімдерін  көбінесе Орталық Азия елдеріне тасымалдауды жоспарлап отырмыз. Бәріміз жақсы білеміз, Қазақстан ұзақ жылдар бойы мұнай өнімдері бойынша нетто-импортер болды. Мұнай өндіруші мемлекет болсақ та, осы саладағы өнімдерді импорттап келдік. Енді мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртқаннан кейін өз өнімдеріміз көбейді. Соны экспортқа шығару қажет", – деп атап көрсетті Қанат Бозымбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу