Қырғызстанға QazVac вакцинасының 25 мың дозасы жіберілді

980

Қазақстан Қырғызстанға QazVac вакцинасының 25 мың дозасын жіберді. Бұл туралы Бішкектегі Қазақстан елшілігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Қырғызстанға QazVac вакцинасының 25 мың дозасы жіберілді

24.kg мәліметінше, коронавируска қарсы вакцина қырғыз тарапына 28 шілдеде "Қордай" – "Ақ-Жол" өткізу пунктінде беріледі.

QazVac екпесін ҚР Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген. 2021 жылдың басынан бастап вакцина қазақстандықтарға салына бастаған.

"Қазақстанда клиникалық сынақтар мен оны қолдану тәжірибесі QazVac вакцинасының қауіпсіздігін және оның коронавирус және оның ауыр түрлерін жұқтырудың алдын алудағы тиімділігін (90% - дан астам) көрсеткен", - деп жазылған елшілік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу