Қырғызстанға санкция салынады - WP

414

Тиісті шаралар осы апта ішінде қолға алынуы мүмкін.

Қырғызстанға санкция салынады - WP Фото: акчабар

Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесткені үшін Қырғызстанға экономикалық қысым жоспарлануда, деп жазады Inbusiness.kz The Washington Post дереккөздеріне сілтеме жасап.

Джо Байден әкімшілігінің жоспарларымен таныс екі америкалық шенеунік билік басындағылар осы апта ішінде тиісті шараларды қолға алуы мүмкін екенін хабарлады. WP бұрынданы мұндай шектеулер санкциялар мен компанияларлың "қара тізімін" білдіретінін атап өтті.

"Қырғызстан басқа елдермен салыстырғанда кішкентай болса да, санкциялардан жалтару үшін қолайлы орта құруда барлық факторлардың бір уақытта рөл атқаратынының айқын мысалы болып отыр", — деді басылымның сұхбаттасушыларының бірі.

Газет көздерінің хабарлауынша, Қырғызстан Ресейдегі компанияларға қос мақсатты тауарларды, соның ішінде қытайлық дрондарды жеткізеді. WP сауда құжаттарына сілтеме жасай отырып жазғандай, ақпан және наурыз айларында қырғыз компаниялары Қытай мен Оңтүстік Кореядан "сезімтал" электрониканы, соның ішінде жартылай өткізгіштер мен кернеу күшейткіштерді сатып алды, дәл сол сәтте Қырғызстаннан Ресейге ұқсас техниканың бірдей саны экспортталды. 

Вашингтондағы Қырғызстан елшілігі WP сұрауына жауап ретінде ел басшылығы контрабандаға және басқа да заңсыз саудаға қарсы күресте халықаралық ережелерді сақтауға міндеттелгенін айтты. Мәлімдемеде Мәскеумен тауар айналымының өсуі ішінара елдің шекаралары арқылы тауарлар ағынын бақылаудың электрондық жүйелерінің жетілдірілуімен түсіндіріледі.

Дипмиссия санкцияларды бұзу жағдайларын мойындады, алайда сыншылар "нақты экономикалық контекстті" ескермегенін атап өтті: Ресей мен Қырғызстан ЕАЭО-ға кіреді, ал Ресей аумағында миллионнан астам қырғыз жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу