Бұл туралы қырғыз парламентінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, Беларусь, Қазақстан, Ресей мен Тәжікстан парламентшілері қырғыз астанасында өтетін Ұйымның Парламенттік Ассамблеясы (ПА) кеңесі жанындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер парламенттерінің қорғаныс және қауіпсіздік комитеттері (комиссиялары) төрағаларының Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысады.
Отырыс басталар алдында делегаттар Бішкектің орталығындағы Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
11 қыркүйекте Балықшы қаласында Үйлестіру кеңесінің мүшелері ҰҚШҰ-ның "Өзара іс-қимыл-2024" ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен командалық-штабтық оқу-жаттығуға байқаушылар ретінде қатысады.