Қырғызстанға жол тартқан жүк пойызының вагондары еліміз аумағында аударылып қалды

1014

Қырғызстанға жол тартқан жүк пойызының вагондары еліміз аумағында аударылып қалды

Қырғызстанға бара жатқан жүк пойызының  6 вагоны Жамбыл облысының аумағында рельстен шығып қалды, деп қырғыздың ТЖМ баспасөз қызметі хабарлаған. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.

Агенттіктің мәліметі бойынша, 57 вагондық құрама Бішкекке жол тартқан, алайда жергілікті уақыт бойынша сағат 9:15 шамасында Жамбыл  облысының Меркі ауданында пойыздың соңғы алты вагоны рельстен шығып қалған.

"Пойызда Қырғызстанның төрт азаматы болған, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", – деді ТЖМ өкілі.

Оның мәліметі бойынша, оқиғаны "Кыргыз темир жолу" мен "Қазақстан темір жолы" тексеріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу