Қырғызстанмен шекарада 1,1 млн жалған акциздік марка анықталды

825

Қырғызстаннан келе жатқан жүк көлігінен Беларуське тиесілі 1,1 млн жалған акциздік марка анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қырғызстанмен шекарада 1,1 млн жалған акциздік марка анықталды

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2022 жылғы 28 сәуірде қазақ-қырғыз шекарасында жүк көлігін тексеру барысында Беларуське тиесілі 1,1 млн жалған акциздік марка анықталды.

"Қырғызстанның сыртқы экономикалық қызметінің жосықсыз қатысушылары қол жеткізілген уағдаластықтарды пайдаланып, Қазақстанға декларацияланбаған, контрафактілік жүктерді әкелу үшін өздерінің "сұр" схемаларын қолданады", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ жүк көлігінен 2 мыңнан аса декларацияланбаған тауарлар (бейнебақылау жүйесі, киім-кешек және спорттық құрал-жабдықтар) табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу