Пәкістан Республикасының 9 азаматы қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстанға заңсыз өтпек болған, деп жазады inbusiness.kz.
"15 ақпанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу