Қырғызстанмен шекарада құны 233 млн теңге болатын заңсыз темекі тәркіленді

579

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.  

Қырғызстанмен шекарада құны 233 млн теңге болатын заңсыз темекі тәркіленді Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

2025 жылдың 11 шілдеде Жамбыл облысының "Қарасу" автокөлік өткізу пунктінде шекарашылар темекінің ірі партиясын тасымалдау әрекетінің жолын кесті (466 мың қорап темекі), деп жазады inbusiness.kz сайты.

Темекі бұйымдарын Қазақстанға ілеспе құжаттарсыз, тасымалданатын жүкте жасырып әкелуге әрекеттенген.

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 233 млн теңгеден асады.

Ұсталған жүк әрі қарай қарау үшін тиісті органға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу