Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер заңдастырылмайды

846

Бұған қатысты мәселе үкімет қаулысында қарастырылмаған.  

Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер заңдастырылмайды

ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтің мәлімдеуінше, Армения мен Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер 2 түрлі санатқа жатады.

"Үкіметтің қаулысында тіркеуге жататын көлік құралдарының санаты нақты көрсетілген. Ал Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер заңдастырылмайды. Себебі шетелдік азаматтардың атына тіркелген автокөліктерге қатысты мәселе халықаралық қозғалыс режимінің талабына сай қарастырылады", – деді комитеті төрағасының орынбасары.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу