Қырғызстаннан елімізге екі вагон темекі өнімдері заңсыз әкелінбек болған

528

Қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті тергеп жатыр. 

Қырғызстаннан елімізге екі вагон темекі өнімдері заңсыз әкелінбек болған Фото: Depositphotos

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

“Қырғыз Республикасынан құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және ЕБМ-сіз әкелуге әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті тергеп жатыр. Мемлекеттік кірістер органдарының есептеулері бойынша акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 млн теңгені құрайды”, - делінген хабарламада. 

Агенттіктің мәліметінше, бүгінгі таңда қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешім қабылданады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу