"Қырғызстаннан қалмай бізге де шаралар қабылдау керек"

787

Сенатор Әбдәлі Нұралиев Премьер-министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Ол сауалында су тапшылығына байланысты проблемалық мәселелерді көтерді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Қырғызстаннан қалмай бізге де шаралар қабылдау керек"

Сенатор айтқан ақпарат бойынша, Қазақстанда 2040 жылға қарай ауыз су 50%-ға дейін тапшы болуы мүмкін.

Еліміздің тау көлдеріне "Қазгидромет" жүргізген көп жылдық бақылау нәтижесі бойынша өткен жылы қар жамылғысы айтарлықтай төмендегені анықталып отыр. Осыған байланысты біздің еліміздің және көрші мемлекеттердің көптеген су қоймаларында су деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді және бұл үрдіс соңғы үш жыл бойы жақсармады.

Сенатор өзінің депутаттық сауалында бірқатар нақты қадамдарды ұсынды, олардың орындалуы осы мәселені шешуге көмектесуге тиіс.

"Су ресурстарының болжамды тапшылығын азайту мақсатында елімізде жер асты су қорларын зерттеу мен қайта бағалауды жандандыру қажет. Сондай-ақ ұңғымаларды қазуға бөлінетін субсидиялардың көлемін ұлғайту керек. Одан басқа, Қазақстанның бірқатар облыстарын сумен қамтамасыз етіп отырған Шу және Талас өзендерінің бойынан Қырғыз Республикасының "Бурулдай" су қоймасы мен "Бала-Саруу" ГЭС-ін салу жоспарларына байланысты тиісті шараларды қарау қажет", – деді Әбдәлі Нұралиев.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу