Қырғызстаннан Қазақстанға 600 мыңнан асам жұмыртқа кері қайтарылды

136

Қырғыз еліне жұмыртқа әкелуге уақытша шектеу енгізілген. 

Қырғызстаннан Қазақстанға 600 мыңнан асам жұмыртқа кері қайтарылды Фото: agroinvestor.com

Қазақстаннан Қырғызстанға 600 мыңнан астам тауық жұмыртқасы заңсыз тасымалданғаны белігілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қырғыз Республикасының Су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанда "Ақ-Тілек" шекаралық ветеринарлық бақылау бекетінің инспекторлары Қазақстаннан елге заңсыз 626 400 дана тауық жұмыртқасы әкелінгенін анықтады, делінген ведомствоның ресми сайтында.

Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің 6 маусымдағы қаулысы бойынша елге тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша шектеу енгізілген. "Инспекторлар тиісті қайтару актісін жасап, жүк "Ақ-Тілек" бақылау пункті арқылы Қазақстан Республикасына кері қайтарылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қырғызстанның "Токтом" ақпараттық-құқықтық порталы маусым айында елге тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша алты айға тыйым салынғаны туралы хабарлаған болатын.

Бұл шара Қырғызстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықтың қалыпты жұмыс істеуі үшін азық-түлік тауарларының нарықтық бағасын тұрақтандыру мақсатында енгізілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу