Қырғызстаннан келген 4,2 тонна карантиндік өнім кері қайтарылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
2017 жылдың 21 қарашасында Жамбыл облысының Қордай ауданында ҚР АШМ мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік өсімдіктер карантині инспекторлары карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында Қырғызстан Республикасынан келген 4,2 тонна жүзім мен құрма өнімінен азиялық жеміс шыбыны зиянкесін анықтады.
Еуразиялық экономикалық одақтың өсімдік карантині саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты, аталған карантиндік өнімдер Қырғыз Республикасының аумағына кері қайтарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу