Қырғызстаннан келген гуманитарлық көмек Ақтөбеге жеткізілді

241

Оны Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері күтіп алды. 

Қырғызстаннан келген гуманитарлық көмек Ақтөбеге жеткізілді Фото: видео скриншот

Қырғызстан Республикасынан келген гуманитарлық көмекті Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері күтіп алды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"8 сәуірде Ақтөбе облысына Қырғызстан Республикасынан гуманитарлық көмек келді. Оны Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері күтіп алды. Вице-министр Серік Төленбергенов пен Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамыркановпен кездесті", - деді Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу