Қырғызстаннан контрабандалық жолмен келген 400 мың қорап темекі алынды

919

Ұйымдастырушылар темекі өнімдерін тауық етінің астына жасырған. 

Қырғызстаннан контрабандалық жолмен келген 400 мың қорап темекі алынды

Қырғызстаннан контрабандалық жолмен тасымалданған ірі темекі партиясы Жамбыл облысында (Қазақстанның оңтүстігінде) тоқтатылды, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі.     

Баспасөз қызметінің берген ақпарына сәйкес, темекіні контрабандалық жолмен алып өту оқиғасы "Қарасу" автокөлік өткізу пунктінде болған.   

"Ұйымдастырушылар темекі өнімдерін тауық етінің астына жасырған. Темекіге рұқсат және акциздік маркалар болмады", - делінген хабарламада.

Ұсталған жүк облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу