Қырғызстаннан жіберілген гуманитарлық көмек Түркістанға жетті

283

Түркістанда түнеген камаз көліктерінің жүргізушілері таңертеңмен Ақтөбеге жолға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғызстаннан жіберілген гуманитарлық көмек Түркістанға жетті Фото: Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

Қырғызстан Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов су тасқыны орын алған өңірлерге арналған жүкті басқарып келді. Автокалонаны Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ержанов қарсы алды.

Қазақстан Республикасының аумағында полиция қызметкерлерінің сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылды. Гуманитарлық жүк Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы тасқын судан зардап зеккен халыққа арналған. Таңертеңмен гуманитарлық көмек тиелген 15 фура су тасқыны орын алған аймақтарға жолға шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу