Қырғызстанның 3 облысында төтенше жағдай жарияланды

2086

Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Қырғызстанның 3 облысында төтенше жағдай жарияланды Фото: видеодан алынған кадр

Қырғызстанның 3 өңірінде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Сәуірдің 20-нан бастап бірнеше күн толассыз жаңбыр жауған. Осы аралықта 50-ге жуық сел тіркелген.

Салдарынан 200-ден астам тұрғын үй мен 300 аула, бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысандар су астында қалды. Жолдар мен көпірлерді де лай ағындары басып, қираған. Табиғи апат құрбандары бар. Бірақ әзір нақты саны белгісіз.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу